Кеңес Одағының батыры ІЗҒҰТТЫ АЙТЫҚОВ 1922 жылы Шығыс Қазақстан облысындағы Ұлан ауданының Тарғын селосында туады. Ұлты қазақ.
Айтықов 1942 жылдан майданда болды. Сталинград іргесінде шайқасты. Калинин, Курск, Волгород облыстарының жерін азат етуге қатысты. Батыс Двина жағалауына дейін барды. Ер жүрек барлаушы Айтықов жау тылында бірнеше рет болды. Оның өзі 50 гитлершіні жойып, бөлімге 22 “тіл” әкелді. Командованиенің жауынгерлік тапсырмасын үздік орындап шыққаны үшін ол Қызыл Жұлдыз, III-ші және ІІ-дәрежелі Данқ ордендерімен, «Сталинградты қорғағаны үшін» медалымен марапатталды. 1944 жылы 22 маусымда гвардия старшина Ізғұтты Айтықовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1944 жылы 51-гвардияшы атқыштар дивизиясы неміс-фашист әскерлерінің қарсылығын жеңе отырып, батысқа ұмтылды. 158-гвардияшы атқыштар полкінің 2-батальоны дұшпанның тіркес-тіркес жасалған қорғаныс шебін 6ipiнші болып бұзып, кескілескен ұрыстарда Витебск облысының Залужье деревнясын алды.
Батальонның комсоргы гвардия старшина Айтықов атқыштар взводының тізбегінде атакаға шығып келе жатты.
Взвод траншеяларды басып алып, жау тылына етті. Гвардияшылардың шабуылы жойқын да батыл болды. Командир қатардан шығып калған кезде, комсорг возводты басқаруды өз қолына алды.
Келесі күні взвод Першино деревнясын шабуылмен алып, полктың оң қанатын қорғады.
Взвод шегініп бара жатқан жауды өкшелей қуа отырып, 25 шілдеде Батыс Двина өзеніне жетті де, келген бетте қолдан жасалған құралдармен өзеннен өтті. Алғашқы бес батырды Ізғұтты Айтықов бастады. Сан жағынан аз батырлар шағын плоцдармды басып алды. Гитлершілер гвардияшыларды Двинаға шегіндіру мақсатымен екі рет қарсы атака жасады, бірақ олар төрт пулеметінен, 38 солдаты мен офицерінен айырылып, шегінуге мәжбүр болды. Күш жағынан тең болмаса да ұрыста гвардияшылар ұтты. Айтықовтың взводы өзінің табандылығымен дивизияның басқа бөлімдері мен болімшелерінің өзеннен өтуін қамтамасыз етті. Ал eкі күннен кейін взвод Полоцк қаласына алғашқы кіргендердің ішінде болып, көше ұрыстарын бастады.
Дивизияның саяси бөлімі I. Айтықовтың хаты жарияланған листовка шығарды.
«… Совет Одағының Батыры деген құрметті атақты бізді өсіріп тәрбиелеген, Отан үшін ұрыстарда бізді шынықтырған Ленин комсомолына арнаймын…
Мен сіздерді, достар, бұдан былай да Ленин комсомолының туын жоғары ұстауға шақырамын!»
Ізғұтты Айтықов Берлинге дейін бара алмады.
Ақын Алексей Сурков «Совет Одағының Батыры
І. Айтықовқа» деген өлеңінде былай деп жазады:
Су шайған құмдақ жағаны,
Ерліктің оты жанарда,
Айғыздап жатты оқ тесіп.
Мақсаты одан жүз мықты.
Айтықов жүзіп барады,
Ел үшін тыным алар ма,
Өзенде бейне от кешіп.
Қазақтын ұлы Ізғұтты!
Көшелер, Ізғұтты Айтықов оқыған мектеп Батырдың есімімен аталған. Оның жерлесі, суретші Талаптан Иманбаев батырдың мүсінін жасап, оны Тарғын мектебіне сыйлады. Қазақ халқының адал ұлы халықтың есінде мәңгі сақталып, жастар үшін үлгі болып қалмақ.