Ғабдуллин Серік

1937 жылы 17 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Шымқора ауылында дүниеге келген. Жамбыл атындағы орта мектепті 1957 жылы бітіріп, республикамызда алғашқы игі бастама көтеріп, бүкіл сыныптастарымен сол кездегі Жамбыл атындағы колхоздың товарлы сүт фермасында комсомол бригадасын құрып, жастық жалынмен еңбек етті. 1959 жылы Шымқора ауылының клуб меңгерушісі болып істеді. 1966 жылы ҚазМУ-ды филолог мамандығы бойынша бітіріп шықты. 30 жылға жуық «Дидар» облыстық газетінде жұмыс істеді. «Қазақ тілі» Халықаралық қоғамының төрағасы болды, Ақсақалдар кеңесін және «Әжелер алқасын» құруға қатысты. «Айтыс ақындары» мектебін ұйымдастырды және басқарды. С.Ғабдуллин Шығыс Қазақстанның бас ақыны болып табылады. 2001 жылдан бастап «Ақ Ертіс» журналының бас редакторы болып жұмыс істейді. Өскемен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 2009 жылғы 29 қазанда «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.

Атақ берілген күн: 29 қазан 2009 ж.