Қабанбай батыр ескерткіші

Өскемен қаласының кіре берісіне көрнекті қазақ қолбасшысы Қабанбай батырдың ат үстінде найзамен отырған бейнесі суреттелген қола ескерткіш орнатылған. Алты метрлік бұл ескерткіштің авторы – Нұрлан Далбай.

Ескерткіштің биіктігі (постаментпен бірге) 13 метрден асады. Найзадан жылқының құйрығына дейінгі қашықтық – 5,5 метр. Постаменттің ені – шамамен 7 метр. Ескерткіштің салмағы – 8 тонна.

Ескерткіштің ашылған күні: 8 мамыр 2014 ж.