Қанат Қайым – жазушы, баспагер. Шығыс Қазақстан облысы Ақсуат ауданы Құмкөл ауылында 1955 ж
ылы дүниеге келген. 1977 жылы ҚазМУ-дың филология факультетін бітірген. Пионерлер үйінің директоры болған. «Қазақстан пионері» газетінің бөлім меңгерушісі, «Қазақ радиосында» редактор, «Қазақстан мұғалімі» журналының бөлім меңгерушісі, «Алматы ақшамы» газетінде жауапты хатшы, «Балауса» баспасында бас редактор қызметтерін атқарған, «Балалар кітабы» қоғамдық қорының президенті. 2002 жылдан бері «Ол-Жас» баспасының директоры. «Айналайын, абай бол», «Жазып, сызып үйренемін», «Абай бол, жол ашық», т.б. кітаптардың авторы. Республикалық «Астана-Бәйтерек», халықаралық «Дарабоз» бәйгесінің жүлдегері.
Жазушы Қанат Қайымның әңгіме, хикаяттарында кейіпкерлердің алуан түрлі мінез-құлықтары шұрайлы тіл, шұғылалы сезіммен өрнектеледі. Кітаптары жеткіншек ұрпақ — жасөспірімдер, көпшілік оқырман қауым, сондай-ақ балғын бүлдіршіндерге де арналған.