Қасым Қайсенов ескерткіші

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 65 жылдығына орай  Қазақстанның Халық қаһарманы, Халықаралық Фадеев атындағы сыйлықтың лауреаты, көрнекті жазушы, Ұлы Отан соғысының ержүрек батыры, әйгілі партизан, көзі тірісінде аты аңызға айналған халқымыздың қайталанбас біртуар даңқты перзенті Қасым Қайсеновқа ескерткіш орнатылды. Орнату идеясы қалалық ақсақалдар кеңесі, соғыс ардагерлері, сондай-ақ облыстық украин, орыс және белорус этномәдени орталықтарына тиесілі. Ескерткіш батырдың аты жазылған тік бұрышты тұғырға орнатылған Қасым Қайсеновтың қола мүсіні болып табылады.

Ескерткіштің ашылған күні:8 мамыр 2010 жыл.