Сұңғат Әліпбай еңбек жолын өзі туып өскен Шығыс Қазақстан облысы, Зайсан ауданындағы аудандық газетте бастаған. Ол Қазақстанның үздік журналисі. Бүгінгі таңда Сұңғат Әліпбай – республикалық «Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі. Президентпен бірге Америка, Қытай, Жапония, Йордания, Бельгия, Германия, Австрия, Малайзия сияқты көптеген мемлекеттерге барып, Елбасының іссапарларынан мақалалар жазды. Қарымды қаламының арқасында Республикалық «Алтын қалам» шығармашылық сайысының бас жүлдегері, ШҚО әкімінің журналистика саласындағы Забер Баянов атындағы жүлдесінің иегері, «Өрлеу ақпараты» байқауының «Инновация» номинациясы бойынша жеңімпазы, «КазАгро» холдингінің шығармашылық байқауының бас жүлдегері, «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісінің иегері, «АГРО PR» байқауының үздік экономикалық шолушысы сынды бірқатар марапаттарды қанжығасына байлаған ойы жүйрік журналист. Ерен еңбегі үшін және облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін «Өскемен қаласының Құрметті азаматы» атағы берілген.
Атақ берілген күн: 23 желтоқсан 2014 ж.