Әуезхан Әділ Жанболатұлы – 1994 жылы, 7 ақпанда ШҚО, Ұлан ауданы, Шымқора ауылында дүниеге келген.
2011 жылы Жамбыл атындағы дарынды балаларға арналған гимназия-интернатын тәмамдаған.
2016 жылы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетінің “Тау-кен ісі” мамандығын бітірген.
2020 жылғы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті “Журналистика” мамандығының түлегі.
Еңбек жолын 2020 жылы облыстық “Устинка” газетінде бастаған. Қазіргі таңда облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасының көпшілік жұмыстар орталығында кітапханашы қызметін атқарады.
Шығармалары: «Ғазизаның бір күні», «Дәуреннің бір күні», «Баспана», «Өскемен», «Сіз жайлы», «Бейтаныс», «Үміт», «Екі аяқты ит», «Күзгі рандеву», «Жазу азабы».