Талғат Төлеуханұлы Когабаев
21 наурыз 1951 жылы Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Шілікті ауылында дүниеге келген.
1958-1968 жж. орта мектепте оқыды. Мектепті бітіргеннен кейін В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтының (Алматы қ.) энергетика факультетіне түсіп, 1973 жылы «Жылу электр станциялары» мамандығы бойынша бітіріп, «Инженер-жылу энергетигі» мамандығы бойынша инженерлік біліктілік алды.
Институтты бітіргеннен кейін жолдама бойынша 1973 жылдан 1977 жылға дейін «Алтайэнерго» Өскемен ЖЭО-да жұмыс істей бастады, қазандық машинисінен қазандық цехын пайдалану жөніндегі аға инженерге дейін еңбек жолынан өтті.
1977 жылдан бастап Өскемен Жібек маталар комбинатының іске қосу энергетикалық объектілерінде жұмыс істеді, онда 1982 жылдың қараша айына дейін комбинат бас энергетигінің орынбасары және Оңтүстік промузел қазандығының директоры болып жұмыс жасады. Өскемен Жібек маталар комбинатында жұмыс істеген кезінде партком мүшесі және партком хатшысының орынбасары болып сайланды.
1982 жылдың қараша айында Оңтүстік промузел қазандығының «Алтайэнерго» ӨТБ балансына берілуіне және жаңа өндірістік бірліктің құрылуына байланысты Өскемен жылу желілерінің бас инженері болып тағайындалды.
1982-1988 жылдар аралығында – «Өскемен жылу желілері» АҚ директоры. Талғат Төлеуханұлы – жылу желілерін қалыптастырудың алғашқыларының бірі, жинақталған еңбек тәжірибесі «Өскемен жылу желілері» АҚ көптеген мамандарын даярлауға көмектескен жастардың тәлімгері. Ұжыммен бірге кәсіпорын тарихының берік негізін қалады. 1983-1985 жж. кәсіпорын үшін ең қиын оның қалыптасу кезеңі болды. Жылу желілері мен бу құбырларының 50,7 км магистральдық құбырлары қабылданды, олардың жартысынан көбі 30 және одан да көп жыл қызмет етеді. Олар тозған күйде болды және ауыстыруды қажет етті. 1983 жылы наурызда оның басшылығымен Өскемен ЖЭО-нан Сол жағалау қазандығы (155 қызметкер қабылданды) және магистральдық жылу желілері (45 қызметкер қабылданды) қабылданды. Т.Т.Когабаевтың тікелей басшылығымен ұжым ірі реконструктивтік және жөндеу жұмыстарын жүргізді. 1986 жылғы жұмыс қорытындысы бойынша жабдыққа толық көлемде күрделі, орташа және ағымдағы жөндеу жүргізілді, 1960 м магистральдық жылу желілері ауыстырылды. Жылу энергиясын өндіру жоспары 106,8% – ға орындалды, 43 тонна шартты отын және 1064 мың кВт/сағат электр энергиясы үнемделді. 43 рационализаторлық ұсыныс енгізілді. 1984 жылмен салыстырғанда кадрлар тұрақтылығы 18,3% – дан 5,7% – ға дейін төмендеді. Еңбек жолы барысында Талғат Төлеуханұлы өзін сауатты маман, талапшыл басшы және шебер ұйымдастырушы ретінде көрсетті.
1988 жылдың тамызынан 1992 жылдың наурызына дейін «Алтайэнерго» энергетика және электрлендіру өндірістік бірлестігі бас инженерінің орынбасары болып жұмыс істеді.
1992 жылдың наурызынан 1994 жылдың қаңтарына дейін Өскемен қалалық Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары болып жұмыс істеді.
1994 жылдың қаңтарынан 1998 жылдың қыркүйегіне дейін Шығыс Қазақстан облыстық сақтандыру фирмасының бас директоры болып жұмыс істеді.
1998 жылдың қыркүйегінен бастап 2014 жылы зейнеткерлікке шыққанға дейін «Казахинстрах» сақтандыру компаниясы мен «Еуразия» сақтандыру компаниясының облыстық филиалдарының директоры болып жұмыс істеді.
Дереккөз: «Өскемен жылу желілері» АҚ
2022 жылы 27 желтоқсанда қаланы жылумен жабдықтау саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Өскеменнің құрметті азаматы» атағы берілді.
Атақ берілген күні: 2022 жылғы 27 желтоқсан.
Дереккөз:
https://yk-news.kz/news/Почётных-граждан-в-Усть-Каменогорске-стало-больше